«Бақытты бала»: Ақтөбелік оқушылар батырлар өлкесіне саяхат жасады (фото)

"Бақытты бала": Ақтөбелік оқушылар батырлар өлкесіне саяхат жасады (фото)

«Бақытты бала» жобасы аясында мектеп оқушылары Қобда ауданына сапар шекті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырмасымен «Қос Шынар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен шара 50-ге жуық оқушыны қамтыды. Батырларға құрмет Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойып тәу етумен басталды.

Балалар Қобда ауданына сапар шегіп, мерген қыздың атындағы патриоттық мектеп және музей тынысымен танысып, Әлияның туған ауылына да ат басын бұрды.

«Қобда ауданын «батырлар мекені» деп атайды. Сегіз Кеңес Одағының батыры шыққан. Тіпті, мұндай үрдіс басқа аудан, облыстарда жоқ. Әлия өзінің ерлігімен із қалдырды. Осы өлкеде дүниеге келіп, қызықты сәттері өтті. Әр адам туған жеріндегі даңқты аламдармен мақтануы қажет. Соған лайықты болып өсу керек. Сондықтан, батырлардың жолымен жүргізуді дұрыс деп таптық», — дейді әлиятанушы Ғалымжан Байдербес.

Пікір қалдырыңыз