Ақтөбелік құтқарушылар еріген мұз үстінде ойнаған оқушыларды аман алып қалды


Ақтөбе су қоймасындағы мұз үстінде ойнап жүрген үш оқушылар құтқарылды. Мұздан мұзға секіріп жүрген балалар судың ортасына қалай кетіп қалғанын аңғармапты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбелік оқушылар бір ажалдан аман қалды. Олар ата-ананың қарауынсыз қалып, Ақтөбе су қоймасындағы мұздан секіріп ойнаған. Кенеттен жел күшейіп, олар судың ортасында қалған.

«Кеше 15, 14 және 8 жастағы балалар мұздан мұзға секіріп қойған. Ол кезде мұздардың арасы 20 сантиметр ғана болды. Жел күшейіп, үш бала бір мұздың үстінде қалып қойды. Олар жағалаудан 20 метрге дейін ұзап кеткен. Дәл сол уақытта рейд жүргізіп, құтқарушылар балаларды аман алып қалды. Ешқайсысының бойы мұздап, суық тимеген. Балалардың айтуынша, бәрі Ясный ауылында тұрады. Мектеп оқушыларына құтқарушылар ескерту айтып, үйлеріне жіберді», — деді Ақтөбе облыстық ТЖД өкілі Оксана Кичигина.

Пікір қалдырыңыз