Ақтөбелік оқушылар бір-біріне ағылшын тілін меңгерудің тиімді тәсілдерін үйретті

“English Time” speaking club еріктілер тобы өздерінің жетістіктерімен бөлісті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

14 сәуір күні №21 мектеп-гимназиясында ағылшын тілін жетік меңгерген 9-10 класс оқушылары бас қосты. «Үштілділік — заман талабы: нәтиже және жетістіктер» атты семинарында оқушылар өздерінің жетістіктерімен бөлісті. №21 мектеп-гимназиясы жанынан құрылған “English Time” speaking club еріктілер тобы ағылшын тілін меңгерудегі әдіс-тәсілдерді үйретті.

Осылайша, ақтөбелік оқушылар өздерінің білімдерін толықтырды. Аталған шараны қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Пікір қалдырыңыз