сәуір 16, 2018

Бердібек Сапарбаев: "Ақтөбе қаласына әкім қып тағайындасаңыз" деп ойларын ашық айтатындар бар

Бұл туралы Ақтөбе облысының басшысы «Жас алашқа» берген сұхбатында айтып берді. «Шынымен де, жұрттың бәрі бірден әкім болғысы келеді. Әкім болып бұйрық беру олар үшін бір ғанибет. Бірақ сол биікке табандап жетуді білмейді. Әкім болу үшін де көптеген баспалдақтардан өту керек. Содан болар, бүгінде көп адамдар мемлекеттік қызметке барғысы келмейді», — деді облыс басшысы. Бердібек Сапарбаевтың пайымынша, көпшілік әкімдіктегі жұмыстың жалақысы аз, жұмысы көп деген сияқты себептерді алға тартатын секілді.

Ақтөбеде әйелінің қабырғасын сындырған ер адам жауапқа тартылды

Ақтөбе қалалық сотында Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабы бойынша іс қаралды. 37 жастағы ақтөбелік бұрынғы әйелінің қабырғасын сындырып жіберген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе қаласының тұрғыны ажырасып, екі баласына беретін алиментін ай сайын төлеп отырған. Кезекті рет балаларын көруге барған әке азық-түлік алып, «алиментті уақытылы төлейді, қарызы жоқ» деп қолхат жазып беруді сұраған. Сол кезде бұрынғы әйелі «балалардан бас тартсаң жазып беремін» деп жауап қайтарып, екі

«Рухани жаңғыру»: Бауыржан Момышұлының туған күніне орай Ақтөбеде арнайы көрме өтеді

«Әлия» патриоттық тәрбие орталығы жыл сайын кең көлемде Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туған күнін атап келеді. Кең көлемдегі шаралар ұйымдастырады. Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы батыр музейімен байланыс орнатқан орталық басшысы алдағы күндері екі жақты көрмелер болатынын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Жеті жылдан бері жылма-жыл туған күнін кең көлемде атап өтіп келеміз. Былтыр Ақтөбе қаласындағы мектеп ордаларының біріне батырдың есімі берілді. Жуалы ауданымен байланысты күшейттік. Ол жақта Бауыржан Момышұлы

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету»: Полицейлер Мұғалжар тұрғындарымен кездесті

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын іске асыру аясында ақтөбелік тәртіп сақшылары Мұғалжар ауданының тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «80-нен астам шара өткізілді, оған 6300 адам қатысты. Лаңкестіктің алдын алу мақсатында 29 оқу-практикалық сабақ жүргізілді. Террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларына кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар берілді», — деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар, «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Көші-қон», «Қару», «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді.

Ақтөбеде жастар арасында «Айбын-2018» әскери-патриоттық шарасы өткізіледі

Екінші жыл қатарынан өткізілгелі отырған әскери-патриоттық шараға қала мектептерінен онға жуық команда қатысады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Қарулы күштердің құрылған күніне орай өткізілетін әскери жиынға қалалық білім басқармасының қолдауымен жүзге жуық мектеп оқушысы қатысады. Облыстағы жалғыз «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығындағы алаң жарыс өткізуге қазіргі таңда дайын. «Алдағы 7 мамыр мерекесіне орай «Айбын – 2018» шарасын өткізу жоспарланып отыр. Алаңымызда орналасқан әскери кедергілер арқылы оқушылар өз күштерін сынайды. Әрбір команда

Ақтөбелік құтқарушылар еріген мұз үстінде ойнаған оқушыларды аман алып қалды

Ақтөбе су қоймасындағы мұз үстінде ойнап жүрген үш оқушылар құтқарылды. Мұздан мұзға секіріп жүрген балалар судың ортасына қалай кетіп қалғанын аңғармапты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбелік оқушылар бір ажалдан аман қалды. Олар ата-ананың қарауынсыз қалып, Ақтөбе су қоймасындағы мұздан секіріп ойнаған. Кенеттен жел күшейіп, олар судың ортасында қалған. «Кеше 15, 14 және 8 жастағы балалар мұздан мұзға секіріп қойған. Ол кезде мұздардың арасы 20 сантиметр ғана болды. Жел күшейіп, үш

Ақтөбе облысында Жемқорлыққа қарсы департаменттің басшысы тағайындалды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 13 сәуірдегі бұйрығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Расул Махмұдұлы Медетов тағайындалды. Расул Махмұдұлы Медетов 1986 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. ҚазГЗУ-дің,