сәуір 14, 2018

Ақтөбеде діни қайраткерлер мен діни нысандар түгенделді

Ақтөбедегі «Руханият» музейі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында діни қайраткерлер мен діни нысандарға арналған ғылыми конференция өткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық конференция өтті. Діни қайраткерлердің өмірі мен еңбек жолын жас ұрпаққа танытуға бағытталған жиынға тарихшылар мен философтар, жас ғалымдар мен студенттер қатысты. «Құнанбай қажымен бірге Мәдинаға қажылыққа барған Досжан ишанды ерекше айтуға болады. Көптеген діни қайраткерлер Ақтөбеде туып, еңбек еткен. Олардың арасында