Ақтөбеде пәтерді заңсыз жалға бергендерге шара қолданыла бастады

Ақтөбеде пәтерді заңсыз жалға бергендерге шара қолданыла бастады

Полицейлер заңсыз жалға берілген 50 шақты пәтерді анықтады. 20 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыс аумағында полицейлер «Жатақхана» жедел алдын алу іс-шарасын қолға алды.

Аталған науқан барысында заңсыз жалға берілген 48 пәтер анықталды. 20 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 17-сі тіркеусіз тұрып жатса, 2-уі тыныштықты бұзған.

Науқан 17 сәуірге дейін жалғасады.

Пікір қалдырыңыз