Қымызхана ашқысы келген ақтөбелік кәсіпкер аукционда жер теліміне қол жеткізді

Қымызхана ашқысы келген ақтөбелік кәсіпкер аукционда жер теліміне қол жеткізді

Ақтөбеде өткен жер аукционында 6 жер учаскесіне құқық рәсімделді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Аукцион арқылы жалға берілетін жер учаскелерінің тізіміне «Мупи» форматындағы жарнамалық құрылым, қымызхана, кемпинг, автогаз құю станциясын, кеңсе және өндірістік база орналастыру және қызмет көрсету кіреді.

Жер учаскелері 3 (үш) жылға жалға беріледі. Аукцион қорытындысы бойынша көлемі 2,5 га болатын 6 жер учаскесі рәсімделді.

Пікір қалдырыңыз