«Бақытты бала»: Ерекше қажеттіліктері бар балалар бақтарын сынамақ

"Бақытты бала": Ерекше қажеттіліктері бар балалар бақтарын сынамақ

Ақтөбе облысының білім басқармасы «ВІ Жұлдызай» корпоративтік қорымен бірлесіп білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балалар арасындағы «Жұлдызай» ХІІІ Республикалық балалар шығармашылық фестивалінің және ІІ Республикалық спартакиаданың облыстық іріктеу кезеңдерін өткізеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Фестивальге 10-18 жас аралығындағы білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балалар қатысады. «Жұлдызай» фестивалінің басты мақсаты – білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік қолдау, оларды шығармашылыққа және өнерге талпындыру.

Фестиваль хореография, вокал, аспаптық орындау, бейнелеу өнері, ым-ишара және қолданбалы өнер номинациялары бойынша өткізіледі.

Спартакиада шағын футбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика, бес тас, волейбол, жүзу және асық ату спорт түрлері бойынша өткізіледі.

2018 жылы фестивальдің облыстық іріктеу кезеңіне облыстық арнайы (түзетім) білім беру ұйымдарының оқушылары, үйде оқитын, арнайы және инклюзивтік кластарының оқушылары, барлығы 164 бала қатысады.
Спартакиадаға 66 ерекше бала қатысады.

Пікір қалдырыңыз