Ақтөбе аумағында болған автобус өртінен кейін қолға алынған іс-шара нәтиже бере бастады


Өзбек азаматтарының өмірін қиған автобус өртінен кейін облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жолаушылар тасымалдайтын көлікті жіті қадағалауды тапсырған болатын. Екінші рет өткізіліп отырған «Автобус» жедел іс-шарасы кезінде жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілер саны айтарлықтай азайған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жүргізіліп жатырған шараның мақсаты жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті күшейту және жол-көлік оқиғаларының санын азайту.

Қаңтар-ақпан айлары арасында өткізілген тексеріс нәтижесінде облыс жолдарында 846 жол ережесін бұзған жүргізуші анықталды. Сәуір айында әзірге 30-ға жуық заң бұзушылық дерегі тіркелген.

Пікір қалдырыңыз