«WorldSkills Kazakhstan Aktobe-2018» чемпионаты аясында аспаздар сынға түседі

«WorldSkills Kazakhstan Aktobe-2018» чемпионатының екінші күнінде «Аспаздық ісі» құзыреттілігі» тақырыбы таңдалып отыр. Байқау «Зере» мейрамханасында өтетін болады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, сайыс аса тартысты болады деп күтілуде, барлығы 8 қатысушы ниет білдірген.

Бұл құзыреттілікке республикалық чемпионаттың бас сарапшысы, халықаралық дәрежедегі сарапшы Серікхан Әділханов чемпионат қатысушыларының жұмысын бағалайтын болады.

Айта кетейік, 9-13 сәуірі аралығында Білім басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттер мен жұмысшы жастар (18-22 жас) арасында Аймақтық «WorldSkills Kazakhstan Aktobe – 2018» кәсіби шеберлік чемпионаты өтіп жатыр.

Чемпионаттың негізгі мақсаты — жұмысшы мамандықтарын жастар арасында насихаттау, беделін арттыру, жұмысшы мамандығының кәсіби шеберлерін анықтау және оларға қолдау көрсету сонымен қатар, еңбек адамының қоғамдағы беделі мен мәртебесін жоғарылату.

Бұл чемпионат Ақтөбе облысында төртінші мәрте өткізілуде. Жыл сайын чемпионатқа қатысуға ниет білдіргендер саны мен құзыреттіліктер қатары артып келеді, мысалы 2017 жылы чемпионатта барлығы 54 қатысушы 9 құзыреттілік бойынша сайысқа түскен болса, биылғы чемпионатта 130 қатысушы 21 құзыреттілік бойынша бақтарын сынауда.

Пікір қалдырыңыз