Павлодарлық оқушы АҚШ-тың Пристон университетінің студенті атанды


Павлодар қаласы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11-сынып оқушысы Мұхаммед-Әли Әмір — әлемдегі жеті үздік жоғары оқу орындарының қатарына кірген АҚШ-тағы Принстон университетінің студенті атанды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мәлімдеді.

«Әмір — математика пәнінен халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы. 8-сынып оқушысы бола тұра, математика пәнінен республикалық олимпиаданың абсолюттік жеңімпазы атанған болатын. Төрт жыл қатарынан ол жоғары деңгейдегі олимпиадалардың бас жүлделерін иеленіп, туған мектебі мен елінің де даңқын шығаруда», — деді орталықтан.

Оқушының ең маңызды жеңістері — математика пәнінен Гонконг және Рио-де-Жанейро қалаларында өткен 57-ші және 58-ші Әлемдік олимпиадаларының алтын медальдары. Әмірдің компьютерлік технологияларды мүлтіксіз меңгергені, қиын жағдаяттық есептердің ерекше шеше білгені — оның ерекше қабілетті бала екенін дәлелдейді. Баланың жан-жақтылығының көрінісі — экономика, психология, философия ғылымдарымен шұғылдануы. Сондай-ақ, ол домбырада тамаша ойнайды және ұлы ақын Абай Құнанбаевтың жүзден астам шығармаларын жатқа біледі.

Пікір қалдырыңыз