Ақтөбе тұрғыны бұрынғы әйелінің жаңа танысын тонап кетті
Ақтөбе қаласының 22 жастағы тұрғыны азаматтық некеде болған әйелінің үйіне барып, оның екінші күйеуімен танысады. Кейін оның қолындағы ұялы телефонды тартып алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе қалалық №2 сотында айыпталушы Е.Жаңабектің (есімі өзгертілді — ред.) ісі қаралды. 22 жастағы қала тұрғыны Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабымен айыпталды. Іс материалына сүйенсек, айыпталушы 4 жыл бұрын сотталып, кейін рақымшылыққа іліккен. Қайта қылмыс жасаған кезде оған «күзетпен» ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол