Бразилияда жемқорлық айыбымен сотталған экс-президент полицияға берілді

Бразилияда жемқорлық айыбымен сотталған экс-президент полицияға берілді

Сот коррупция қылмысына айыпты деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыруға үкім еткен Бразилияның экс-президенті 72 жастағы Луис Инасиу Лула да Силва сенбі күні полицияға берілген, деп хабарлайды Азаттық.

Сәуірдің 6-сы күні Бразилия федералдық соты экс-президентті тұтқындау туралы ордер шығарған соң оған өз еркімен полицияға берілуге 24 сағат уақыт берген еді. ВВС-дің хабарлауынша, соңғы екі күн бойы Сан-Паулу жанындағы металлургтер кәсіподағы ғимаратына жасырынған Луис Инасиу Лула да Силва ғимарат маңында жиналған жақтастары алдында сөйлеген сөзінде билікке берілетінін айтқан. Жақтастары оны жібермеуге тырысқан.

Федералдық полиция көлігіне өз еркімен отырған экс-президентті түрмеге жеткізген деп хабарлады жергілікті басылымдар.

Пікір қалдырыңыз