Ақтөбеде жазасын өтеп шыққан жандар үшін бос орындар жәрмеңкесі өткізілді

Ақтөбеде жазасын өтеп шыққан жандар үшін бос орындар жәрмеңкесі өткізілді

Жәрмеңке аясында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқамерзімді курстар ұсынылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін жазасын өтеп шыққан және пробация қызметінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Құрылыс және қызмет көрсету салалары бойынша бос орындар ұсынылды.

Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту орталығы жаңа форматтағы атаулы көмек тағайындау бойынша аз қамтылған отбасылардан құжаттар қабылдады.

«Жалпы 2017 жылдың наурыз айынан бастап пробация қызметі ұйымдастырылып жатыр. Бұл аталған тұлғаларды медицицналық, құқықтық және әлеуметтік сұрақтар бойынша қызмет көрсету үшін бір терезе қағидасы бойынша жұмыс жасап жатыр. Биыл пробация үйіне 143 адам жолықты. 38 адамның ресми түрде, 24-нің бейресми түрде жұмыс жасайтыны белгілі болды. 47 адам түрлі себептермен бас тартты және 34 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды», — дейді жұмыспен қамту секторының меңгерушісі Зәмзәгүл Нағашыбаева.

Пікір қалдырыңыз