Ақтөбеде қисайып қалған стела ескерткіштері түзетіліп жатыр

Ақтөбеде қисайып қалған стела ескерткіштері түзетіліп жатыр

Кеңес Одағы батырларының аллеясында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда Ақтөбедегі ауа райының қолайлы болуына байланысты қалада жөндеу жұмыстары басталды.

Жұмысшылар қисайған стела ескерткіштерді орындарынан алып, іргетасын қайтадан құйып жатыр.

Еске сала кетейік, Әлия Молдағұлова даңғылында Кеңес Одағы батырларының есімдерін ұлықтауға арналған Батырлар алаңы бар. Онда батырлардың есімдері жазылған 46 гранит тас қойылған.

Пікір қалдырыңыз