Ақтөбелік дәрігерлер автобуста шабуылға ұшыраған науқас туралы айтты
Ақтөбеде Мәскеуден Қырғызстанға бет алған автобусқа қарақшылық шабуыл жасалып, бір адам жарақаттанған болатын. Бүгін ақтөбелік дәрігерлер оның денсаулық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұған дейін хабарлағанымыздай, оқиға 6 сәуір күні түнгі сағат 1 шамасында болған. Ақтөбе қаласы маңында шағын автобусқа қарақшылық шабуыл жасалып, ішінде болған жалғыз жолаушыға оқ тиді. Кейін оның ұлты тәжік Ресей азаматы екені анықталды. Оқ атқан күдіктілер оның алтын бұйымдары мен ақшасын алып кеткен. Жараланған жолаушы