Жат ағымның етек жаюына алаңдаған белгілі әлиятанушы оқушыларды дін өкілдерімен кездестірді


Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы музейде «Дін қоғам өмірінде» атты еркін кездесу өткізілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жат ағымның алдын алу мақсатында өткізілген шараға арнайы Ақтөбе қаласының бас имамы Амантай Садиев пен медресе директоры Әбдімүтәліп Дәуренбеков қатысты.

Дін мен дәстүр ұғымын айқындап айтқан өкілдер теріс ағымның шығу себептерін де жан-жақты түсіндірді. Мектеп қабырғасында білім алып жатқан оқушыларды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, білім алудың маңыздылығы айтылды.

Шараға қатысқан оқушылар музей аралап, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың өмірімен танысты.

Пікір қалдырыңыз