Ақтөбе облысында жаңадан салынған көпірдің сыр беруін мамандар қалыпты жағдайға балады
Халықтың алаңдатушылығын туғызған құрылыс сапасын жауапты мамандар қыс мезгілінде салынғандығымен байланыстырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Былтыр төтенше жағдайларға байланысты бес көпірде ақау анықталып, барлығына жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Жұмыстардың қыс кезінде жүргізілуіне байланысты қазіргі таңда бұл жолдардың асфальт жамылғысы жоқ. Ауа-райының қолайлы кезеңінде сәуір-мамыр айларында асфальт төселіп толығымен аяқталатын болады. Әрине, салқын мезгілде салынғаннан кейін ауытқу болды. Сол күні сол уақытта қалпына келтірдік. Мұны қалыпты жағдай деуге болады», — дейді Ақтөбе