Ақтөбелік металлургтер өз қаражаттарына мұқтаж жандарға көмектесуді бастады

Ақтөбелік металлургтер өз қаражаттарына мұқтаж жандарға көмектесуді бастады

Металлургия саласында жұмыс істеген, бірақ тағдыр тәлкегімен жалғыз қалған немесе қаржылай қиындыққа тап болған жандарға көмек көрсетілді.

Сондай жандардың бірі – зауыттың бұрынғы қызметкері Лидия Оконь. Қазіргі таңда ол қарттар үйінде тұрады. Белгілі болғандай, металлургтер мейрам сайын оның көңілін аулап, сыйлықтар жасап тұрады.

Бұдан басқа, қазір зауытта жұмыс істеп жүргендердің арасында мұқтаж жандар бар екен. №1 балқыту цехінің ұжымы жалғызбасты ана Гүлден Алиеваға қаржылай көмек берді.

Сондай-ақ, Ахат Байтілеу мен Әлімжан Боранбаевтың отбасындағы мүгедек балалардың еміне ақша жиналды. Ал көмірқышқыл өндіру учаскесінің мамандары өмірдің тауқыметін бір өзі арқалап жүрген қарт зейнеткер Тіләхан Хамидуллаеваның отбасына барып, қол ұшын берді.

Зауыт өкілдерінің айтуынша, мұндай игі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғаса береді.

Пікір қалдырыңыз