Ақтөбеде тағы да қаланың түнгі балалары ұсталды


202 бала полиция бөлімшелеріне жеткізілді және алты ата-ана жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

«Демалыс» жедел алдын алу шарасы бар болғаны бір апта ғана жүргізілді. Бірақ осыншама қысқа уақыттың ішінде 202 бала полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Олар түнгі уақытта ата-анасыз көше кезіп жүрген.

18 жасқа толмаған балаларға темекі мен ішімдік сатқан сатушылар да анықталды.

Полиция 45 баланы және өз міндетін орындамаған 58 ата-ананы есепке алды.

Пікір қалдырыңыз