Ақтөбеде аз уақытта сапасы кеткен жолдарды тиісті мердігер компаниялар жөндейтін болды

Соңғы жылдары жөнделген оннан аса жолда ақаулар пайда болған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жол құрылысымен айналысатын мердігер компания басшылары ауыр жүк көліктерінің көп жүруі және суағарлар арнасының кіші болуымен түсіндірді. Үш жылға арналған келсімшарт бойынша тиісті ақауларды компания есебінен жөндейтіндіктерін жеткізді.

«Мердігер мекеме өз қаржысы есебінен біз белгілеген көшелерді жөндейтін болды. Әрқайсысына арнайы хат жібердік. Бірінші қаралым бойынша 2015 жылдан бері үш жыл мерзім ішінде сапасы кеткен 10-ға жуық жол анықталды. Тіпті, Авто ХҚКО баратын жолға үкімет тарапынан ешқандай қаржы төленген жоқ. Себебі, жолдың сапасы мемлекеттік комиссияның қорытындысына сәйкес келмейді», — дейді Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Руслан Төреғали.

Пікір қалдырыңыз