Ақтөбе облысының бас педагогі мұғалімдерге қосылатын үстемақыны тақтаға жазып, есептеп берді


Борды қалай сағынғанын айтқан Ләззат Оразбаева Үкіметтің жаңа қауылысын түсіндіру үшін тақта алдына шықты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін, 4 сәуір күні №20 мектепте облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева математикалық есептеулер жүргізді. Ол жаңа заңға сәйкес 18 жылдық жұмыс өтілі бар мұғалімнің жалақысына қанша үстемақы қосылатынын есептеп берді.

Төменде есептің формуласы жазылған.

Оразбаеваның сөзінше, 18 жылдық жұмыс өтілі бар мұғалімнің жалақысына ауылдық жерде 30 261 теңге, ал қалада 24 209 теңге қосылады.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында 17 400-ге жуық мұғалім жұмыс істейді. Ләззат Оразбаеваның айтуынша, жаңадан жұмысқа келген жас мұғалім 45 мың теңге жалақы алады.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы қаңтардан бастап 1, 2, 5, 7 сынып мұғалімдерінің жалақысы артты. Ал, біліктілікке байланысты үстемақы тек тесттен өткендерге беріледі.

One thought on “Ақтөбе облысының бас педагогі мұғалімдерге қосылатын үстемақыны тақтаға жазып, есептеп берді

  • 06.04.2018 at 05:29
    Permalink

    Өте көөөөөөп қосыпты, қалай жаратарымызды білмей қалатын болдық қой. Мемлекет кедейленіп қалмасын мұғалімдерге көөөөөөп ақша қосамыз деп, депутаттар шаршап жүр, соларға беріңдер , жүдеп қалмасын, жұмыстары өте өте ауыр ғой

    Reply

Пікір қалдырыңыз