Бүгін Ақтөбеде дарынды оқушылар арасында білім додасы өтеді

Бүгін Ақтөбеде дарынды оқушылар арасында білім додасы өтеді

Елге еңбегі сіңген мұғалім Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Білім және ғылым министрлігінің тікелей ұйымдастыруымен өтіп жатқан білім бәйгесіне облыстағы қазақ мектептерінен 50 оқушы қатысып жатыр.

Дарынды оқушылардың шығармашылық бағыттарын дамыту мақсатында ұйымдастырылып жатырған олимпиада екі кезеңнен тұрады. Алғашқы бөлімінде эссе жазып бағын сынаса, келесі кезең Қанипа Бітібаеваның шығармашылығына арналады.

Өз қатарынан озып шыққан 11 оқушы сәуір айының аяғында Өскемен қаласында өткізілетін республикалық олимпиадаға қатысады.

Пікір қалдырыңыз