Қарағандыда 12,6 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын қолды қылған ұрылар іздестіріліп жатыр


Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті «Айгүл» зергерлік дүкенінен бірнеше миллион теңгенің алтын бұйымдарын қолды қылған ұрыларды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоға сілтеме жасап.

«Полиция қылмыстық іс қозғады, күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. қылмысты ашу үшін облыстық ІІД мен Қарағанды қалалық ІІБ-нің барынша тәжірибелі қызметкерлерінен жасақталған жедел іздеу тобы құрылды. Таяу аумақта орналасқан барлық пәтерлердің иелерінен сұрау салынып, басқа да шаралар жүргізілуде», — деді департаменттен.

Естеріңізге сала кетсек, 15 наурызда Қарағанды қаласындағы «Айгүл» зергерлік бұйымдар сататын дүкенін 3 қарақшы не бәрі 2,5 минутта тонап кеткен болатын. Ұрылар бетперде киіп алғандықтан камерадан кім екендіктерін тану қиын. Қолдарына қолғап киіп, бастарына кеншілердің шамын тағып алған. Тіпті алтындарды алып кету үшін үш сөмке әкелген.

Пікір қалдырыңыз