Бішкекте мейрамханада уланғандар саны 150 адамға жетті

Бішкекте мейрамханада уланғандар саны 150 адамға жетті

Бішкектегі мейрамханада жаппай уланғандар саны 150 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар Қырғызстанға сілтеме жасап.

Бүгінде Қызғызстан Республикалық жұқпалы аурулар ауруханасына «Ала-Тоо» мейрамханасындағы тойдан кейін тамақтан уланған 139 адам түскен. Оның ішінде 89 адам, соның ішінде 19 бала ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, ведомствоның дерегі бойынша Шолпан-Ата қаласы Ыстықкөл облысы Ыстықкөл аудандық ауруханасына сол тойда уланған 12 адам түскен. 1 сәуір күні 10 адам ауруханаға жеткізіліп, амбулаторлық көмек көрсетілген.

«Қазіргі таңда ауруханада 10 адам жатыр. Олардың барлығының басы ауырып, айналып, жүрегі айнып жатыр. Кейбірінің температурасы көтеріліп, диарея байқалуда», — деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінен.

«Ала-Тоо» мейрамханасындағы тамақтардан сынама алынған. Зерттеу нәтижесі үш күнде дайын болады.

Пікір қалдырыңыз