Ақтөбелік жекпе-жек шеберлері әлемдік жарыста топ жарды.

Жалғас Жұмағұлов пен Дәурен Ермеков Алматыда өткен Fight Nights Global 86 турнирінде қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбедегі «Еркін күш» спорт клубының жауынгерлері қарсыластарынан басым түсіп, үздіктер қатарына кірді.

Турнирдің басты кездесуі — Жалғас Жұмағұлов пен Тайсон Нэм арасындағы доданы ел асыға күтті. Бес раундтың қорытындысы бойынша Жалғас сенімді жеңіске жетті. Келесі кездесулерінде титулды жекпе-жекке шығуы ықтимал.

Дәурен Ермеков грузиялық қарсыласы Георгий Лобжанидзеге қарсы жұдырықтасып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңісті өз пайдасына шешті.

Пікір қалдырыңыз