Ақтөбе қаласының көшелеріне Көкжиек, Бәйшешек, Самал сынды есімдер берілуі мүмкін.

Көшеге тұлға есімдерінен бөлек халықтың дәстүріне, болмысы мен танымына жақын атаулар қойылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда ономастика мамандарының негізгі жұмыс бағыты кісі есімдеріне шектеу қою. Бұрынғы уақыт кезеңінде әр түрлі себептерге байланысты танымал емес тұлғалардың есімі беріліп кетуіне байланысты, алдағы уақытта халықтың дәстүр танымына жақын атаулар қойылады.

«Жаңадан Көкжиек, Бәйшешек, Самал сыды мүдделі атаулар ұсынылып жатыр. Тек қана дәстүрлі атаулар емес, жалқы есімдер де береміз. Әлемдік, халықаралық деңгейдегі немесе мемлекет тарихына зор үлес қосқан тұлғалардың есімі атаулы мерейтойларына байланысты берілетін болады», — дейді Ақтөбе облысы тілдерді дамту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева.

Пікір қалдырыңыз