Facebook жалған ақпараттарға қарсы күресті күшейтті

Facebook желісі негізсіз жаңалықтарға қарсы бірқатар шаралар қолдануда. Күнделікті миллиондаған жалған аккаунттарды өшіріп фото және видео материалдардың шынайылығын тексеріп келеді. Facebook мамандары журналистерге компанияның қауіпсіздік саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Facebook-тегі қауіпсіздік күштерін үйлестіретін Гай Розеннің айтуынша, негізгі күш-жігер «сыртқы интерференцияға» қарсы тұруды, әлеуметтік желіден жалған шоттарды алып тастауды, әлеуметтік желілерде жарнама орналастыруды ашық және процедуралық жаңалықтар таратуды азайтуға бағытталған.

Facebook сарапшылары контрафактілік шоттармен күресу бойынша бай тәжірибе жинақтап үлгерген. Өз кезегінде жаңа бағдарламалық өнімдермен айналысатын Самид Чакрабарти ештеңеден қорықпау керектігін айтты.

«Қазір біз осындай деңгейдеміз, яғни пайда болған сәтінен бастап күнделікті миллиондаған жалған шоттарға бөгет жасай аламыз, олар бізге ешқандай зиян келтіре алмайды», — деді ол.

Facebook компаниясының айналасында британдық Cambridge Analytica фирмасы әлеуметтік желідегі миллиондаған қолданушының жеке мәліметтерін қолдануына байланысты шу шыққан болатын. Бұл туралы The New York Times хабарлаған. Cambridge Analytica компаниясы 50 млн қолданушының саяси көзқарасын білу үшін олардың жеке мәліметтеріне қол сұққан.

Өткен аптада Channel 4 британ арнасы аталмыш компанияның әлемдегі 200-ден астам сайлауға араласып, жемқорлық пен арандатуға кандидаттарды қаралайтын ақпарат таратуға жол бергенін анықтады. Енді бұл шуға қатысты Еуропарламент тексеру жүргізуді көздеп отыр.

Пікір қалдырыңыз