«Бақытты бала»: Дильназ Ахмадиева ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық концертін береді

Танымал әнші Дильназ Ахмадиева «Бақытты бала» бағдарламасы аясында Ақтөбедегі мүмкіндігі шектеулі және мұқтаж балаларға қайырымдылық концертін береді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, концерт бұрынғы филармония залында өтеді.

Оған 400-ге тарта мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасылардың балалары қатысады.

фото: imperiya.by

Пікір қалдырыңыз