Ақтөбелік жас актер Республикалық сыйлықты иеленді

Халықаралық театр күні «Үміт» номинациясы және 200 000 теңге ақшалай сыйлықпен ақтөбелік жас актер Бағдат Телеуғалиев марапатталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Еліміздің 56 театрының бір жылғы жұмысы сарапқа салынатын «Сахнагер – 2018» байқауында Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актеры Бағдат Телеуғалиев «Үміт» номинациясымен марапатталды.

Театрға жұмысқа орналасқанынына бір жыл толмаса да үлкен рольдерді алып жүрген талантты актердың алға қойған мақсаты көп.

«Театрға келгеніме көп уақыт болған жоқ. «Ревизор» спектакльінде Болат Әбділманов, Айгүл Иманбаева сынды тұлғалармен бірге ойнап, сол қойылымдағы Хлестаковты жақсы ойнағаным үшін жоғары бағалады. Қазіргі кезде үздіксіз дайындықтамын, жоспарлар өте көп», — дейді Бағдат Телеуғалиев.

Пікір қалдырыңыз