наурыз 29, 2018

Ақтөбеде кезекті жер аукционы 30 наурызда өтеді

Қалалық әкімдік 30 наурызда сағат 11.00-де мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде Ақтөбеде және қала маңында өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы нысандар құрылысы үшін 9 жер учаскелерін жалға беру бойынша аукцион өткізеді. Аукцион арқылы жалға берілетін жер учаскелерінің тізіміне өндірістік база, «Сити борд» форматындағы жарнама құрылысы, көп қабатты тұрғын үй, монша кешені, дүкен, демалыс базасы, сауда павильоны кіреді. Жалпы жер учаскелерінің көлемі 3,9 га. Бастапқы құны 4,7 млн.теңге. Аукцион қатысуға өтініштер Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі

Ақтөбеде ауыл мешіттеріне молдалар дайындалып жатыр

Өткен жылы басталған ауыл молдаларын дайындау курсы биыл да жалғасып келеді. Курс 2 айға жоспарланған. 2 айлық курста бүгінде молдалықтан 12 үміткер оқып жатыр. Оларға медресе ұстаздары аптасына 6 күн Құран, Иман шарттары, Ислам ғылымхалы, Ислам тарихы секілді пәндерден сабақ береді. Қатысушылар жатақхана және үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Оқу ақысы да – тегін. Өкіл имам Төлеби Оспан аталмыш курсты қолға алудағы басты мақсат — имамы жоқ немесе діни маман

Ақтөбе облысының сегіз сағаттан артық жұмыс істеген мемлекеттік қызметкерлері Әдеп кеңесіне мұңдарын шақты

Облыстық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мамандары жаңа жобамен жұмыс істеуге көшті. Агенттік мемлекеттік қызметкерлердің мүддесін қорғау үшін жұмыс кестесін тәртіпке келтірмек. Болашақта қызметтегі сегіз сағаттан жұмысшыларын ұстаған басшы жауапқа тартылуы мүмкін. «Біз мемлекеттік қызметкерлер арасында жасырын сауалнама жүргіздік. Мақсатымыз — мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытта сегіз сағаттан артық жұмысқа тартылуын анықтау. Алынған сауалнамаларға талдама жүргізілді. Оны да әдеп жөніндегі кеңес отырысында қарайтын боламыз. Бұл сұрақты әзірге

Ақтөбелік үкіметтік емес ұйымдарының тиісті министрлікке есеп беру мерзімі аяқталып келеді

Үкіметтік емес ұйымдар наурыз айының 31-іне дейін министрлікке есеп берулері керек. Бүгінде Ақтөбе облысының ҮЕҰ қауымдастығына 100-ге тарта ұйым көмекке жүгінген. Ондағы ресурстық орталық қызметкерлері ҮЕҰ жөнінде мәліметті электронды жолмен тапсыруға көмектеседі. Қауымдастық жетекшісі Айгүл Дүйсенованың айтуынша, ҮЕҰ-дар жыл сайын желтоқсан мен сәуір айы аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне есеп беруі керек. «ҮЕҰ базасында арнайы үлгісі де бар. Біздің ресурстық орталық ешқандай тараптың қолдауынсыз, өңірдегі қоғамдық бірлестіктерге

Ақтөбе қаласында көше атаулары латын тіліне қашан аударылады?

Жауапты ономастика мамандары толық латын тіліне өту үшін кемінде 5-6 жылдың керек екендігін айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Көшелер мен атаулы маңдайшалардың латын графикасына көшіру жөнінде саяси шешім қабылданды. Алайда толыққанды түсінік беретін нұсқаулықтар жоқ. «Латын тіліне аудару жөнінде шешім қабылданып, ұлттық жоспар бекітілді. Толықтай көшу үш кезеңге бөлінді. Әрбір кезеңнің өзінің мақсат мен міндеті, атқарылатын шаруалары бар. Атауларды көрсететін маңдайшалардың дұрыс жазылуы жөнінде 2024 жылы арнайы анықтамалар шығады», —

Алға ауданының әкімдігі бір тұрғынның шағымын қарай алмай ұятқа қалды

Алға ауданының тұрғыны әкімдікті аяғынан тік тұрғызды. Өзін сенделтіп қойған мемлекеттік қызметкерлердің үстінен шағымданған тұрғын арызы әдеп кеңесінде қаралды. Аудандық жер бөлімінің басшысы Ескендір Бекіш жер алуға келген адамға дөрекі сөйлегені үшін өзі сөгіс алды. «Алға аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ескендір Бекіштің үстінен жазылған арызға қатысты тексеру жүргізілді. Ағымдағы жылдың 26 ақпанында департаментке Бақтығали Сейтенов есімді ауыл азаматынан арыз түскен болатын. 2017 жылдың 27 қарашасында осы мәселемен аудан әкімінің

Ақтөбе облысының театр тарландары марапатталды

Т.Ахтанов атындағы өнер ордасында халықаралық театр күніне орай мерекелік кеш өткізілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыстағы белгілі театр ұжымдарының өнері бір сахнада қойылып, көрерменге ерекше кеш сыйлады. Еңбегі сіңген белсенді қызметкерлер облыс әкімінің атынан алғыс хатпен марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды. «Халықаралық театр күні деп үлкен сахнада керемет көңіл сыйлаған Ақтөбенің театр ұжымдарына барлық көрерменнің атынан алғысымды білдіремін. Әр түрлі кезеңде келеміз, әр түрлі қойылымды көреміз, бүгінгі кеш ерекше болды.