Ақтөбелік тұрғын некесіз бала, жалғызбасты ана мәселесі бүгінде көзге қораш көрінбейді деген пікірде

Қоғамда жиі көтерілетін мәселеге көптің пікірі қандай?

«Бәрі тәрбиеге байланысты. Мектепке баратын әкесі жоқ бала көбейіп кетті. Осы мәселе 10-15 жыл бұрын көзге қораш көрінетін. Қазір олай емес. Біздің қоғамымызда жалғызбастылық деген мойындалған нәрсе. Өз статусы бар. Ертеңгі күні ондай баланың болашағы бұлыңғыр болады деп айту қиын. Ең бастысы — тәрбие. Анасының баласына берген тәрбиесіне байланысты. Оны басқаша айтуға болмайды. Мен солай ойлаймын. Әкесі жоқ баланың бір жері кем болады, психологиясында ауытқу болады деген түсінік ғылымда дәлелденбеген. Некесіз туылған баланың бір жері дұрыс болмайды деген дерек жоқ. Тек өткен қоғамда оған қорқынышпен қарады. Қазір «әйел тәрбиелеген бала қыз мінезді болады» деген қорқыныш бар. Бірақ қазір техника дамыған, ақпараттық қоғам. Әртүрлі спорттық секциялар, ер адамның тәрбиесін алатындай жағдай жасауға мүмкіндіктер бар. Қоғам бұл проблеманы да шешіп қойған», — дейді ақтөбелік тұрғын Нұркен Уайдин.

«Соғыстан кейінгі жылдары да елде қиындық болды. Қаншама адам соғыстан қайтпай қалды. Адамның физиологиялық қажеттіліктері ғылымда мойындалған нәрсе. Алланың өзі адамды жарты қылып жаратқан. Екеуі біріккенде ғана бүтін болады. Сол жылдары да осындай балалар көп туды. Мен бала кезімде отыздағы бір біріне ұқсайтын жігіттерді көретінмін. Тегі отбасы бөлек. Ағайын емес, ауылдың балалары ұқсайды. Оны жұрт біледі, ешкім қолын шошайтып ештеңе айтпайтын. Кешіріммен қарайды. Бірақ бала жалғызбасты ана тәрбиесінде. Осындай кезде тәрбиеге ана басымдық беру керек, сонда ғана бала қиындықты қабылдамайтын болады», — дейді Нұркен Уайдин.

1 Comment

  1. Дегенмен Отбасы құндылығын көріп, шешу жолдарын біліп өскені абзал… бұрынғы жүйені қолдаймын … ол заманда араққа тойып алып қатынын сабайтын, болмаса жауапсыз əке, без бүйрек ана жоқтың қасы, болған күнің өзінде үлкендердің қадағалауында болды. Ұят күшті болды…Бұл жерде баланың кемістігі, идеясы емес… бұл жол таза азаматтық некеге итермелеу дер едім.. Ақнекенің құндылығын түсіну, ұлттық болмысымыздағы жүйеден заман талабы деп аттап кету дұрыс емес…соғыс жылдары қиын болды, дегенмен соғыстың мақсаты осы ұятсыз мəселені қалыпты құбылысқа айландыру болды,соны білуіміз керек гой… болмысымыздың бұзылып, қиын заманга түскен шарасыздығымызды айтып мойынсал болғанша … өз ұлтымыздың дəстүрлі жүйесінің озығын алуымыз керек…

Пікір қалдырыңыз