Оразкүл Асанғазы: Латын әліпбиін үйренгеннен кейін, бұл өзіміздің төл әрпіміз болады

Мемлекет және қоғам қайраткері латын қарпінің екі нұсқасындағы артықшылықтар мен кемшіліктер туралы айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Мемелекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламент Мәжілісінің 5-шақырылымының депутаты Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы бекітілген латын әліпбиінің екі нұсқасын салыстырып, ондағы артықшылықтар мен кемшіліктер туралы айтып берді.

Оразкүл Асанғазының сөзінше, латын әліпбиінде жазып, оқып үйренгеннен кейін, бұл өзіміздің төл әрпіміз болып қалады, ол үшін, әрине, уақыт керек. Сондай-ақ, қоғам қайраткері үлкен жастағы адамдардың латын қарпін үйренуіне қатысты ұсыныс білдірді.

Сұхбат барысында Оразкүл Асанғазықызы Елбасының «Алдағы уақытта Қазақстан халқының 90%-ы қазақ тілінде сөйлейтін болады» деген сөзіне латын әліпбиінің тигізетін әсері жайлы, бұдан басқа елорданы Алматыдан Астанаға көшірудегі Елбасының мақсаты, Астана көшелеріне ұлттың ұлықтары мен Алаш арыстарының есімдерін, қасиетті жер-су аттарын, тарихи қала және қазақтың бұған дейінгі астаналарының атаулары қандай негізге ала отырып қойылғаны туралы баяндап берді.

Ең соңында студия қонағы жеке басына қатысты, яғни шешендік (ораторлық) өнері оның бойына қайдан дарығаны, сондай-ақ бос уақытын қалай өткізгенді ұнататыны жайлы айтты.

Пікір қалдырыңыз