Ақтөбедегі жазасын өтеу орындарының бірінде діни сауатсыздықтың құрбаны болған жалғыз ұлдың өмірі көрсетілді

Ақтөбедегі КА-168/2 жазасын өтеу мекемесіндегілерге діни сауатсыздықтың құрбаны болған жастардың өмірінен театрландырылған қойылым көрсетілді. Драмалық қойылым арқылы адасқан ағым, жалғыз ұл, жылаған ана өмірі баяндалды.

«Маңғыстау облысының жастары келіп діни сауатсыздықтың құрбаны болған отбасының өмірінен қойылым қойды. Оның жазасын өтеушілерге қатты әсер еткенін көрдік. Мұндай шаралардың тәрбиелік мәні зор. Қойылымда дәстүрлі емес дін жетегінде жүріп, үйінен безген жас жігіттің өмірі туралы айтылды. Діни сауатсыздықтың құрбаны болған қазақ жастарының өмірі бір ғана отбасы арқылы көрсетілді десе болады. Жақсы әсер қалдырған маңғыстаулық жастарға алғыс айтамыз», — дейді әділет капитаны Самал Шәденова.

Маңғыстау облысынан келген «Ақ жол» жастар театры түзету мекемесінде «Ананың ақ сүті» атты қойылымды көрсеткен. Театрландырылған қойылым арқылы жат ағымдағылардың көздеген мақсаттары мен қоғамға тигізер зардаптары түсіндірілген.

Пікір қалдырыңыз