Ақтөбеде Димаш Құдайбергеновтың анасы мүмкіндігі шектеулі жандар алдында қайырымдылық концертін берді

Света Айтбаева мүмкіндігі шектеулі жандар алдында өнер көрсетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығына Ақтөбе қалалық филармония ұжымымен келген Света Айтбаева шағын концерт ұсынды. Ұйымдастырылған шара барысында қазақ, қырғыз, орыс тілдерінде ән шырқап, көрерменнің алғысын алды. Қайырымдылық жасауды үрдіске айналдырған әнші келген мүгедек жандарға арнап мерекелік сый-сыяпат үлестірді.

«Бұрын Димаш мектепте 9 сыныптан бастап біздің еріктілердің қатарында болып өнер көрсетіп жүрді. Кішкентай ғана қараторы бала жаяулатып, автобуспен, таксимен келіп көңілімізді көтеретін. Студент кезінде де бізбен бірге болды. Әлі күнге дейін бойынан қарапайымдылықты байқаймыз. Осындай баланы дүниеге әкеліп, өнерін ұштаған анасына алғысымызды айтамыз», — дейді сал ауруына шалдыққан азаматар қоғамының өкілі Гүлмира Сражова.

Димаштың сәлемін жеткізген анасы қазіргі таңда Димаштың осы күндері Астанада жүргенін жеткізді.

Пікір қалдырыңыз