Алик Шпекбаев интернет-пайдаланушылардың желіде сауалына жауап береді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 19 наурызда сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Интернет-пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев жауап береді.

Сұрақ қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдау қажет.

Пікір қалдырыңыз