Күлпаршын Айдарханова: Көктем мерекесінде Ақтөбеде тігілетін киіз үйлерге мағыналы атаулар беріледі


Ел мен облыс аумағында қолға алынған бастамаларды кеңінен түсіндіру мақсатында Ақтөбенің орталығында арнайы жеті киіз тұрғызылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Оларға «Мен Ақтөбелікпін», «Туған жерге тағзым», «Бақытты бала – мәңгілік ел кепілі», «Рухани жаңғыру», «Наурыз — жыл басы», «Аналарға тағзым», «Астананың 20 жылдығы» атаулары беріледі.

«Стелла аумағына жеті киіз үй тігіледі. «Мен Ақтөбелікпін» киіз үйінде қаламыз жайлы мәлімет болады. Әр үй өздерінің мағыналарына сай безендіріледі. Биыл «Анаға тағзым» үлкен ғимараты ашылайын деп жатыр. Ашылу себебі мен мақсатын киіз үй ішінде маман отырып жан-жақты түсіндіреді», — дейді Ақтөбе қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Күлпаршын Айдарханова.

Пікір қалдырыңыз