Ақтөбенің төтенше жағдай қызметі: Көрші облыстарда су тасыса, көмектесуге дайынбыз


Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны күрделі көршілес облыстарға көмектесуге қауқарлы. Іргелес жатқан облыстарда су тасыса, мамандар көмекке дайын, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығы бойынша арнайы жасақталған құрам БҚО, Қостанай және Қызылорда облыстарында қиын жағдай болған сәтте қол ұшын созуға сақадай сай.

«Көршілес облыстарда көктемгі су тасқыны ахуалы күрделенген жағдайда Департамент бөлімшелерінен 28 жеке құрам қызметкері мен 12 техника, сонымен бірге, 3 қайық тобы көмек көрсетуге дайын. Басқа облыстар да бізде жағдай қиын болған кезде техникаларымен келетін болады», — дейді Ақтөбе облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов.

Пікір қалдырыңыз