Ақтөбенің іргесіндегі Алға ауданына жат ағым өкілдері көшіп келіп жатыр

Ақтөбенің іргесіндегі Алға ауданына жат ағым өкілдері көшіп келіп жатыр

Алға ауданының әкімі жат ағым өкілдері санының азаймай отыруын көшіп келіп жатқан тұрғындармен байланыстырады. Қалаға жақын ауданға тұрақтап қалғандардың дені жат ағымды ұстанушылар. Қазіргі уақытта ауданда 127 адам есепте тұр.

«Ауданда тіркелген жат ағым өкілдерінің санын 121-ге азайттық. Жеті теолог жұмыс жасап жатыр. Алға ауданына қарасты Бестамақ ауылында медресе-колледж бар. Сол жерлерде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Аудан қалаға жақын, қолайлы орналасқандықтан сырттан көшіп келетіндер көп», — дейді Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров.

Аудан әкімінің айтуынша, жат ағым жетегінде жүрген жергілікті тұрғындардың дені түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде дәстүрлі дінге өткен.

Көрнекі фото: saby-rt.ru

1 пікір


  1. Олар ауызында айта береді, сондада бақылауда ұстау керек… құдай сақтасын. . Тыныштықтың қадырын білмейтіндер….

    Жауап беру

Пікір қалдырыңыз