Ақтөбеде тәртіп сақшылары түн жарымында қаңғып жүрген 35 баланы полиция учаскелеріне жеткізді


«Жасөспірім» шарасының алғашқы күнінде Ақтөбе полицейлері 35 баланы ішкі істер органдарына жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаментінен хабарлағандай, мектеп жасындағы балаларына дұрыс қарамаған 7 ата-ана есепке алынды. Бүгінде жастар көп шоғырланатын орындар анықталып жатыр.

Шара аясында қаладағы оқу орындарында кездесулер ұйымдастырылмақ.

Пікір қалдырыңыз