Ақтөбеде өнер зерттеуші Нұрлыбек Қалауовтың «Ғасырдан асып кеткен ән» кітабының тұсаукесері өтеді.

«Жұбановтар әлемі» мәдени орталығында жергілікті қаламгер, өнер зерттеуші Нұрлыбек Қалауовтың «Ғасырдан асып кеткен ән» кітабының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстық ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, бұл кітап өз дәуірінің сал-серісі, әнші композитор Мұхит Мералыұлының үздік шәкірті Қызыл Тұрдалыұлының өмірі мен шығармашылығына арналған. Кітапта Қызылдың азаматтық көзқарасы, өмірдеректері, әндерінің тарихы мен ноталары, жұртшылыққа белгісіз шығармалары жан-жақты баяндалады.

Қызыл Тұрдалыұлы туралы алғашқы мақаланың авторы, белгілі журналист Нұрымжан Жұмағалиевтің мақаласының көшірмесі берілген. Туынды оқырмандарға, өнертанушылар мен музыка мамандарына, дәстүрлі әншілерге қажетті дүние.

Пікір қалдырыңыз