Ақтөбе облысында спортты серік еткен аудан басшысы воркаут алаңдарын салдырмақшы


Әрбір ауылда мектеп оқушысынан бастап сексендегі қартқа дейін спортпен айналысуға мүмкіндік жасаған Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ибрашов хоккейден басқа спорт түрлеріне қызығатынын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Футбол мен баскетболды жақсы көретін Әйтеке би ауданының әкімі биылғы қыста хоккейге ерекше көңіл бөлген. Демеушілер арқылы 5 хоккей алаңы салынып, балаларға арнайы киім формалары алынған.

«Енді күн жылыған соң жеңіл атлетика, волейбол мен футболға ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Жаз мезгілінде воркаут алаңдары салынады», — дейді аудан әкімі Мәлімбет Ибрашов.

Пікір қалдырыңыз