Төтенше жағдайлар басқармасы: Ақтөбеде биыл қар аз түскенімен, су тасу қаупі бар

Жердегі тоң қабатының әлі жібімеуі алаңдаушылық туғызып отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Былтырғыдай апатты жағдай болмас үшін алдын-ала қала, аудандарда арықтар мен атыздар тазаланып, өзендердің арналары ретке келтірілді. Көктемгі еритін қар суының мөлшері аз болғанымен мамандар тоң қабатының қалыңдығынан қауіптенетінін жасырмады.

«Былтырғымен салыстырғанда биыл қар түсімі 2,5 есеге аз. Ол өте жақсы. Ал тоң қабаты әлдеқайда жоғары боп тұр. Егер күн күрт жылып, тәулігімен жаңбыр жауатын болса, топырақ бірден қабылдамайды. Былтырғыдай су тасқыны болған жағдайда ол өте төмен болады», — дейді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов.

Пікір қалдырыңыз