Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында қатты қалдықтарды өңдейтін цех салынады


Жеке кәсіпкердің ұсынысын қолдаған аудан әкімі жобаға қызығушылық танытып отырғанын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Экологиялық жағынан тиімді болатын өндіріс жобасының құны 25 миллион теңгені құрайды. Кәсіпкер қазіргі таңда «Бизнес жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында несие алуға құжаттар дайындап жатыр.

«Қатты қалдықтарды өңдейтін цехта ретіне қарай қағаздар, пакеттер, пластикалық бөтелкелер әр түрлі қаптарға жинақталып нығыздалады. Пайда болған жартылай өнімді қажетті компанияларға өткізеді. Жеке кәсіпкер ең алғаш әкеліп таныстырған кезде қызықтық. Маусым айынан бастап жобаны іске асырамыз», — дейді Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ибрашов.

Пікір қалдырыңыз