наурыз 15, 2018

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында қатты қалдықтарды өңдейтін цех салынады

Жеке кәсіпкердің ұсынысын қолдаған аудан әкімі жобаға қызығушылық танытып отырғанын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Экологиялық жағынан тиімді болатын өндіріс жобасының құны 25 миллион теңгені құрайды. Кәсіпкер қазіргі таңда «Бизнес жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында несие алуға құжаттар дайындап жатыр. «Қатты қалдықтарды өңдейтін цехта ретіне қарай қағаздар, пакеттер, пластикалық бөтелкелер әр түрлі қаптарға жинақталып нығыздалады. Пайда болған жартылай өнімді қажетті компанияларға өткізеді. Жеке кәсіпкер ең алғаш әкеліп таныстырған кезде

Орталық Азия елдері басшыларының байланысы жандана түсті - Елбасы

Орталық Азия елдері басшыларының байланысы жандана түсті. Бұл туралы Ақордада өтіп жатқан Орталық Азия елдері басшыларының жұмыс (консультативтік) кездесуінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Толықтай алғанда әлемдік тәжірибе өңірлік кооперацияның халыққа қызмет ететіндігін көрсетеді. Бұған қоса, соңғы уақытта елдеріміздің арасындағы саяси ынтымақтастықта айтарлықтай прогреске қол жеткізілгендігі қуантады. Біз сыртқы саясат ведомстволары басшыларының арасында бесжақты диалогты қолға қоя алдық. Бұл консултациялар диалогқа, күш біріктіруге ортақ ұмтылыстың бар екендігін

Ақтөбеде 38 жастағы келіншекке өзінен 23 жас үлкен күйеуі балта алып жүгірген

Күйеуінен қорлық көрген келіншек қазір Ақтөбедегі дағдарыс орталығында тұрып жатыр. 38 жастағы келіншек Айнагүл Алдабергенова (есімі өзгертілді) азаматтық некедегі жолдасынан көрген қорлығын жылап отырып айтты. «Қолына балта алып жүгірген кезде балаларға қарауға шамам болмай қалды. Үйден қашып шықтым. Ол адам менен 23 жас үлкен. Бес жыл бірге тұрған уақытта көрмеген қорлығым жоқ. Сол үйден шыққанымда құлағым ісіп, түрімнен түк қалмады. Қит етсе жұдырығын ала жүгіреді. Бір баламды ертіп келіп қосылған

Ақтөбе облысында адамның зәресін ұшыратын зауыт орны индустриалды аймаққа айналуы мүмкін

Бүгін БАҚ өкілдерімен кездесу өткізген Алға ауданының әкімі өңірдегі шешілмей тұрған мәселелерді тізбеледі. Нағымжан Алдияровтың айтуынша, ауданның сәнін кетіріп тұрған ескі ғимараттар жойылатын болады. «Қаланың ортасында орналасқан көне ғимараттарды ретке келтіру жұмыстары жүргізіле жатыр. Оның қатарында бұрынғы кинотеатр және 18 жер учаскесі бар. Олар ертеректе жекеге алынып, қолданылмай қалған. Бүгінгі таңда театр иесімен келісімге келдік. Пайдаланылмай тұрған ғимарат орнына жыл аяғына дейін азық-түлік дүкенін ашуды жоспарлап отырмыз. Қалған 18 жер

Ақтөбеде қызғалдақ пен раушангүл өсіретін жылыжай салынады

Ақтөбе облысының Алға ауданында биыл гүлдер мен өсімдіктер өсіретін екі жылыжай салынады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Жобалардың жалпы құны шамамен 25 млрд теңгеге бағаланып отыр. Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияровтың хабарлауына, «Орандж Холдинг» ЖШС Маржанбұлақ ауылында гүл өсіретін жылысай салуды көздеп отыр. Тағы бір жылыжай Алға қаласында салынады. Фото: Teplicno.ru

Ақтөбе облысында кәмелет жасқа толмағандарды заңсыз шіркеуге шақырғандар жазаланды

Ақтөбеде №1 орта мектеп оқушыларының Рождество мерекесінде шіркеуге барып, бір баланың тамақтан уланғаны анықталды. Кәмелет жасқа толмағандарды заңсыз шіркеуге шақырған бірлестік басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Мектеп басшылығы шіркеуге барып жүрген балалар туралы Ақтөбе облыстық дін істері басқармасына хабарлады. Іс материалына сүйенсек, 10-11 жастағы оқушылар достарының шақыруымен Рождество мерекесіне барған. Мектеп оқушылары «лагерь бар, сыйлық аламыз» деп барып, діни әдебиеттер алып келген. Балалардың бірнеше рет шіркеуге барғанын

Биыл Ақтөбе облысында су қоймаларының көктемгі су тасқынына дайындығы қалай?

Облыс аумағында апатты жағдайда тұрған гидротехникалық су құрылымдары жоқ, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыс, аудан көлеміндегі су қоймаларының техникалық жағдайларын «ҚазСуШаруашылығы» мамандары қадағалап отыр. Тексеріс жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. «Бүгінгі таңда облыс аумағында қауіп төндіретін үш су қоймасы бар. Ақтөбе су қоймасында судың көлемі 50 пайыз, Сазды су қоймасында 28 пайыз, Қарғалы су қоймасында 38 пайыз. Демек, судың басқа қосымша қорын сақтайтын көлемі бар», — дейді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар