Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Ақтөбе облысында 20-ға тарта әлеуметтік нысан ашылады

Әлеуметтік орталықтармен қатар қала көшелерінде кіші архитектуралық туындылар бой көтереді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Биылғы Наурыз мейрамы қарсаңында түрлі бағыттағы әлеуметтік орталықтар облыс тұрғындарының пайдалануына беріледі.

«Барлығы 20-ға жуық нысан тұрғындарға қызмет көрсете бастайды. Оның ішінде 3 фельдшерлі-акушерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, сонымен қатар Мұғалжар, Байғанин, Қобда, Мәртөк, Шалқар аудандарындада әлеуметтік мекемелер ашылады. Қала көшелерінде халқымыздың тарихын насихаттайтын кіші архитектуралық нысандар бой көтереді», — дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусін.

Пікір қалдырыңыз