Ұлыстың Ұлы күні Ақтөбедегі Президент саябағында тек төрт киіз үй тігіледі


Ақтөбе қаласында жылдағыдай дәстүр бойынша қаз-қатар киіз үй тігілмейді, орнына бауырсақ, палау, көже тарататын шатырлар құрылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

22 наурыз күні ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында ұлттық өнер мен спортты дамытуға арналған төрт киіз үй тігіледі.

«Екі киіз үйде балалардың қолөнер көрмесі ұйымдастырылады. Үшінші киіз үйде «Ақтөбе» футбол клубының, жергілікті спортшылар мен облыстан шыққан чемпиондардың жетістіктерінен көрме ұйымдастырылып, шеберлік сабақтары жүргізіледі. Соңғы үйде ұлттық қолөнер шебері Лена Сахариеваның туындылары қойылады», — дейді қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Гүлбаршын Айдарханова.

Әбілқайыр хан даңғылында жылдағыдай тігілетін киіз үйлердің орнын ас мәсірін ұсынатын 150 шатыр орналастырылады. Аталған орындарда наурыз көже, палау, бауырсақ дайындалып таратылады.

Пікір қалдырыңыз