Полиция Ақтөбе әкімдігінің маңында болған атысқа қатысты пікір білдірді


Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері облыс әкімдігі маңында болған атыс жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден полицияға хабарласуын сұрайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 11 наурызда Абай даңғылында орналасқан супермаркет аумағында Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғыны травматикалық қарудан бірнеше рет оқ атқан.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Осы қылмыс жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуын сұраймыз: 102, 729-609, 55-78-24, 729-601», -деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері.

Еске сала кетейік, кеше, 12 наурызда Ақтөбе әкімдігінің маңында атыс болғаны хабарланған болатын.

Пікір қалдырыңыз