наурыз 13, 2018

7 проценттік ипотека қай кезде беріледі

Қазіргі кезде мемлекеттік органдар мен банктер «7-20-25» бағдарламасын пысықтап жатыр. Дегенмен, Ұлттық банк арзан ипотеканы беру мерзімін белгілеп қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «7 проценттік ипотеканы беру жұмыстары шамамен жылдың ортасында басталады. Маусым айының аяғына дейін барлық құқықтық-ұйымдастырушылық шараларын аяқтаймыз деген жоспар бар. Содан шілде-тамыз айларында банктер арзан ипотеканы беруді бастайды», — деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында. Оның айтуынша, жаңа бағдарлама аясында жаңадан құрылатын компания

Ақтөбеде орамал тағып, мектепке бармаған балалар келесі оқу жылына көшпей қалуы мүмкін

Ақтөбеде 72 оқушы қыз мектепке орамал тағып жүр. Жыл басынан бері барлығы 18 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның бесеуі айыппұл төледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев орамал мәселесін үш айда шешуге тапсырма берген болатын. Қазіргі кезде облыстық білім, дін істері, білім саласын бақылау басқармалары бірлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Ата-аналар, қоғам тарапынан «мектеп формасын әр мектеп өзі реттей алады» деп ойлайды. Бірақ мектеп формасы Білім және

Ақтөбеліктер Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын созбақ

Аягөз қаласында болып жатқан су тасқынына көмек ретінде «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбедегі өкілдігі қала тұрғындарынан жылу жинап жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалы әлеуметтік көмекті қабылдау және үлестіру орталығымен бірлесе отырып, Шығыс Қазақстан облысында табиғат апатынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмекті жинақтауды бастап отыр. «Сіздердің барлық көмектеріңіз шығыстағы ағайынға жол тартады. Апат айтып келмейді. Өткен жылы Ақтөбеде болған табиғат апатында барлық ел қол

Ақтөбеде "Атамекен" мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік бірлесіп жұмыс істейтін болды

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының арасында бірігіп жұмыс атқару мақсатында жол картасына екі жақты қол қойылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Екінші мәрте өткізіліп отырған форумның тиімділігі денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сатып алу, жер қатынастары және басқа салаларда өз көмегін беріп келеді. Екі жақты жүргізілген жұмыстар нәтижесінде заңсыз әрекеттерге байланысты оқиғалар саны азайған. «Бұрын 3 жыл бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия

"Сен де үлес қос!": Ақтөбедегі "Нұр Ғасыр" мешіті 10 отбасыға көмек көрсетті

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының аясында жағдайы төмен 10 отбасыға көмек көрсетілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Теңдей үлестірілген азық-түлік пакеттерінің әрқайсысына 3,5 кг ет, 2 кг ұн, 1 кг макарон, 2 кг қызылша, 2 кг сәбіз және 2 кг пияз салынды. Барлығы 125 кг азық-түлік берілді. Мешіттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жәрдем алған жанұялар қатарында көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар да

Ақтөбе әкімдігіндегі полицейдің өлімі: ІІД жаңа деректерді жариялады

Ақтөбе облысы Ішкі істер департаментінің өкілдері қалалық әкімдіктегі полицейдің өліміне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ақтөбе облысының АКҚБ (арнайы күзет қызметі басқармасы) инспекторының өзіне қол салу дерегі бойынша тергеу жүріп жатқаны хабарланды. «Ақтөбе қаласы әкімдігі ғимаратында түсірілген видеожазбаны зерттеу кезінде Қарымсақов 17:16-да кіріп, 17:24-те табылғанға дейін бақылау өткізу пунктінде бөгде тұлғалардың болмағаны анықталды. Баллистикалық сараптама қорытындысы оқтың табельді қарудан атылғанын көрсетіп отыр. Қарымсақовтың оқиға кезіндегі психикалық саулығын анықтау

Полиция Ақтөбе әкімдігінің маңында болған атысқа қатысты пікір білдірді

Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері облыс әкімдігі маңында болған атыс жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден полицияға хабарласуын сұрайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 11 наурызда Абай даңғылында орналасқан супермаркет аумағында Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғыны травматикалық қарудан бірнеше рет оқ атқан. «Сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Осы қылмыс жайлы қандай да