Ақтөбеліктер Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын созбақ

Аягөз қаласында болып жатқан су тасқынына көмек ретінде «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбедегі өкілдігі қала тұрғындарынан жылу жинап жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалы әлеуметтік көмекті қабылдау және үлестіру орталығымен бірлесе отырып, Шығыс Қазақстан облысында табиғат апатынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмекті жинақтауды бастап отыр.

«Сіздердің барлық көмектеріңіз шығыстағы ағайынға жол тартады. Апат айтып келмейді. Өткен жылы Ақтөбеде болған табиғат апатында барлық ел қол ұшын созған болатын. Енді өзгелерге көмектесу біздің міндет», — дейді жастар төрағасы Асылжан Бүркіталин.

Гуманитарлық көмек ұсынамын деушілер «Нұр Отан» партиясы ғимараты (Тургенев көшесі жағынан кіру) 0-қабатқа әкелуіне болады. Көмек күндізгі сағат 9:00-18:00 аралығында қабылданады.

Фото: lenta.inform.kz

Пікір қалдырыңыз